sayasat

Мазмұны

Жоспар:

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….3

Негізгі бөлім:

а) Ш.Уалихановтың әлеуметтік көзқарастары………………………………………………7

б)Ыбырай және Абайдың шығармаларындағы қоғам және адам тақырыбы………………………………………………………………………………………………..15

Қорытынды……………………………………………………………………………………………..16

Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………………………………………17

Кіріспе

Қайта өркендеу дәуірінің мемлекеттік – құқықтық тарихында Н.Макиавеллидін орны ерекше.Басқада Ренессанс тұлғалары секілді,ұлы итальян ойшылы жан – жақты дарынды болды: тарихшы, жазушы,ақын,әскери теоретик.Флоренция республикасының хатшысы әрі ондағы бас кеңесшісі Макиавелли,республикадағы маңызды елшілік және саяси тапсырмаларды атқарады.Макиавеллиді оның «Тақсыр», «Тита Ливияның бірінші он күндігі туралы толғамдар», «Флоренция тарихы»,тәрізді мемлекет жайлы тамаша теориялары, жеке тұлға,халық, тап пролетарлары сөз болатын,өзінің демократиялық және республикалық идеяларын ашық насихаттайтын этикалық және саяси трактаттары зор даңққа бөледі .Қайта өркендеу дәуірі саяси көзқарастарының тарихына Макиавеллидің қосқан үлесі,оның мемлекет проблемаларын діни тұрғыдан емес,ақсүйектер мүддесі тұрғысынан қарауы болды.Қайғылы қайшылықтарға толы «Тақсыр» шығармасында саяси идеология мен саяси ғылым бірге қарастырылады.Тарихты жасаушы адамның, жеке тұлғанын аса зор мүмкіндіктерін деген шексіз сезімі Макиавеллиді Ренессанс дәуіріндегі ұлы ойшылдардың қатарына қоюға мүмкіндік береді.Осыдан келіп,тарихи мәліметтерге сүйене,шынайы фактілер мен шынайы жағдайды ескере отырып қоғамдық аму заңдарын түсіндіруге әрекет жасайды.Адам табиғаты өзгермейді деген сенімі берік Макиавелли тарихты «мәңгілік»құштарлық пен мүдделілердің, жеке тұлғалармен таптардың қақтығыстары деп қарайды,ал тарихтын қозғаушы күші, оның ойынша,саяси күрес болып табылады.

Республика мемлекеттің ең тиімді түрі деп санайтын атақты ойшыл мемлекетті нығайту жолында барлық әрекет пайдалы деп есептейді, «мемлекет мүддесі»принципін бірінші орынға қояды.Өзінің мақсаты,идеясы-Италияны біріктіру үшін Макиавелли осы жолды ұсынады, «тіпті қаталдық,жауыздықпен болсада мақсатқа жету керек» дейді.Кейінірек пайда болған «Макиавеллизм»деген термин «Заңды мойындамайтын саясат ұғымын беруіде осыдан» әрине Макиавелли мен «макиавеллизм»екеуі тең ұғым деуге болмайды.Өйткені жалпы адамзаттық моральмен саясат арасындағы қарама қайшылықты Макиавелли сол кезеңнің қайғылы қарама-қайшылығы деп түсініп,оның материалистік шешімін табуға тырысты. Тағы қайталап айтамыз,оның қзі өмір бойы қызмет етуге әзір идеалы белгілі бір мемлекет түрі емес,өзінің халқы және шексіз сүйіп өткен Отаны болды.

Қайта өркендеу дәуірі дүние танымында Макиавелли шығармашылығы маңызды кезең болып есептеледі,ал ойшылдын қарама-қайшылыққа толы тұлғасы Ренессанстың ұлы гуманистер қатарынан берік орын алған.

Макиавелли және саясат туралы жаңа ғылым . Саясаттың моральдан бөлінуі .

Макиавелли іліміндегі мемлекет пен құқық туралы маңызды сәт – саясат саласының салыстырмалы дербестігі идеясын негіздеуге ұмтылысы . Обьективті байқаушы ретінде Макиавелл мынадай қорытындыға келеді : саясат саласы – қоғамдық өмірдің дербес саласы болатыны соншалық , онда қолданылатын заңдылықтардың біршама салыстырмалы маңызы болды . Саясат саласындағы құбылыстарды бағалау оларды қоғамдық өмірдің өзге салаларына сәйкес келетін басқада құндылық бағдарлары бар байқаушының көзқарсы тұрғысынан бағалауларына ұқсас келмейді. Макиавелли саяси өмірді әр алуан мүделердің ,көптеген әілеуметтік күштердің қақтығысы ретінде қарастырды ,олардың әрқайсысының белгілі бір мақсаттары мен оларды жүзеге асыру үшін мүмкіндіктері болды . Саясат саласы дегеніміз жоғарыдан ұйымдастырылған бірдене емес, Макиавелл көзқарасы тұрғысынан бұл- жанды қозғалыс, ішінара адамның ерік жігеріне көнбіс, буырқанған табиғи құбылыс , күштердің серпінді күресі олардың ұдайы қақтығысуы , өзгермелі ара қатынас , қарама -қайшылықтар шешімі, өмірлік нысандардың өзгеруі , қайта құрылуы.Макиавеллидің жылжымалы, серпінді ,күрделі жүйедегі жеке адамның еркін шығармашылығы мен өзінің қабілетін жүзеге асыру үшін орын болатын өзара іс-қимыл және тұрақты өзгеретін күштер ретіндегі ,ондағы адам, адамдардың еркі ,күшімен қажы- қайраты недәуір дәрежеде тарихты жасайтын саясатқа көзқарас жаңаша дүние танымы мен саяси құқықтық саланы түсіндіру үшін сипатты сәт болды. Тек Құдай.тағдыр ғана емес, сонымен бірге адамдарда тарихты жасаушылар болып табылады-дүниеге жаңа көзқарас осыны жария етті. Макиавелли былай деп жазады : ол “тағдыр біздің әректертеріміздің жартысын басқарады, сонымен өзге бір жартысын немесе біршама аздаған бөлігін ол біздің өзімізге береді» деген пайымнын шынайлығын мойындауға дайынмын . Ол былай атап көрсетті :егер тағдыр жазмышына жүгінсек және мән жайлардың қалай қалай қалыптасуына қарай іс-әрекет жасайтын болсақ, онда “ әрекетсіздікте пайда бола қоймайтын кенеттен шапағатқа ” бөленген болар едік .Бастысы іс-әрекетті бастау керек.

Маквелли іс жүзінде саясат пен саясат теориясын біріктіруге үмтылыс жасады және оның саясат саласына,саяси оқиғаларды бағалауға қатысты айтқан көптеген идеялар қайсыбір жағдайда әрекет жасау жөніндегі мемлекет басшысына (князге )берегн нақты ұсынымдары мен іс жөніндегі кеңестерінде айтылады.

Макиавелли өз дәуірінің , орта ғасырлықтан әліде болса күңгірт елес берген болашақ индустриялы қоғамға көше бастаған кездегі буырқанған саяси өмірін жақсы білді, Флоренциянын және басқада мемлекеттердің тарихын зерттеді. Макиавеллидің көзқарасы тұрғсынан саясат сондай – ақ билік,күресінің , оны ұстап тұру мен пайдалану жолындағы күрес саласы. Мұнда әр алуан күштердің аса көп күштері мен мейлінше жақсы айла-шарғылары жеңіп шығады, имандылық саяси күштердің мақсатарына бағынады,-қалай болғанда да имандылықпен саясат олардың тікелей ара қатынасына ғана емес, сонымен бірге бірқатар басқада сәттер мен факторларға байланысты болады.

Макиавелли монархиялық мелекеттерде (тек олардағы ғана емес )сияұты билік үшін кейде бауырларының өздері бірін- бірі өлтіретін қатігез,үздіксіз күрес қалайша жүріп жатқанын байқады. Осының бәрі билікті басып алу немесе оны мығым ұстап қалу үшін жасалып жатты, бұл билікті ,біздің ойымызша жиынтығында қоғамдық организмінің күш жігеріне, қоғамдық организмен қоғамдық байлыққа мақсатты түрде билік етудің (нормативтік ресми және іс жүзінде ретеудің )нақты мүмкіндігі ретінде сипаттауға болар еді.

Макиавелли пікірі бойынша,әлемде шамамен бірдей мөлшерде ізгілікпен зұлымдылық иманда болады,бірақ тарихи тұрғыда олар бір елден екінші елге көше отырып,өзінің көріну жағрафиясын өзгертуіде мүмкін. Тарихтағы мемлекеттер ,деп ойлады ол , мінез –құлықтың өзгеруімен байланысты және өзгеде факторлардың ықпалымен өзгереді. Алайда әлем онда болатын ізгілік пен зұлымдылықтың өлшері жағынан тұтастай алғанда өзгеріссіз қалады. Макиавелли былай деп ойлайды :мемлекеттік билік жеклеген адамдардың қандайда бір дәрежеде имандылық түсініктері мен құндылықтарынан және адамзат түсініктерінен жоғары және оқшау тұрған нәрсе емес. Саясат пен билік саласы- бұл күрестің ерекше заңдары,дұшпанды жою заңдары қолданылатын, мақсатқа қол жеткізу үшін барлық құралдарды пайдаланатын орта. Макиавели бұл идеяны өзінің тарихты зерттеуінің жеке тәжірбиесінен алып отыр.Өзінің обьективтілігіне кәміл сенімді байқаушы ретінде, ол атап айтқанда өзі байқайтын осы сала екенін көзі әбден сенді.

Саясат саласы туралы Макиавелли ой пікірлерінде бірқатар жәйттарды айырып айқан жөн :байқаушы және зерттеуші ретінде оның саясат теориясы мен практикасын зерделеуінен және білімнен шығаратын қорытындыларын, саяси қайраткердің кеңесшісі ретіндегі, тәжірбиелі саясаткер ретіндегі оның ұсынымдарын, оның жеке басынын сүйкімділігін,мақсат мұраттарын, саясат саласындағы қайсыбір заңдылықтармен фактірлерге көзқарасы бөліп айтуға болады.

Макиавеллиден кейін тарихта “макиавеллишілдік ” термині орнықты,оның мәні мақсаты құралды анықтайды деген ұғымды танитын саясатты білдіреді.Алайда бұл макивеллтшілдікті және Макиавеллидің өзінің сенімін,әсте де ,теңестіруге бола қоймас.Саясат пен заңнаманың қайсыбір мәселелерін айта отырып, обьективті байқаушы ретінде,саясат тарихтан сипаттай отырып, ол бірде былай деген еді:оның саясат саласындағы қорытындылары-бұл оның субьективті ниеті мен мұраттары емес, керісінше обьективті шындықтын белгілерін айқындау . Ол өзінің мұраттары мен нақты саяси тәжірбиені теңестіруді атап көрсетпейді. Макиавелли былай деп ойлайды:оның саясатты ұғынуы –дәлде обьективті,саяси тәжірбиені барабар ұғыну-дәлде обьективті,саяси тәжірбиеге барабар ұғыну.Ол мемлекет қайраткерлеріне кеңес берген кезде,оларға саясат заңдарымен жүруді ұсынды.Сонымен бірге басқаларға өзін –өзі сақтаумен билікті ұстап тұру заңдарына бағынатын күмәншілде сезікті билеушілердің заңға қарсы қадамдар жасауын да ескертті .Мысалы, “Рақымсыздық туралы ” өлеңінде былай деп атап көрсеткен еді:

Кто изменял нелепы законы,

изгнанье или смерть взамен нашел,

как тот,кто помагал спасать кораны.

Макиавеллидің пікірі бойынша, халықтан гөрі патша неғұрлым сезікті болады.Халықтың сезікті болуына дәлел азырақ ұшырасада және патшадан гөрі халықтың жақсылықты білмейтіні қалай дегенмен де сирек ұшырасады.Бұл сөздер Макиавеллидің жағымсыз даңқы ең алдымен билікке ие болған князьдарға ашықтан –ашық берген кеңестері мен байланысты болды. Бұл тұжырымдар ол мақұлдауы немесе мақылдамауы да мүмкін, бірақ саяси мақсаттарына жету үшін саясаткерлерге оларды сақтауды ұсынды.Бәлкім мұның өзі адам ретінде оның мұраты да емес шығар керісінше саяси қайраткердің ,тәжірбилі прагматикалық саясаткердің , мәжбүрлі айқындамасы д болар. Және де, Макиавеллидің шығармалары әр алуан саяси қайраткердің жалғандығын, екі жүзділігін және зұлымдығын ашып көрсету сарыны аңғарылды.Дегенмен де оның іс жүзіндегі саясатты және оның өзінің мұраттарын байқауларынан Макиавилидің кеңестері мен қорытындыларының сәйкес келу мүмкіндігін толытай теріске шығармаған жөн, алайда оған тағыда ескерту жасамаса болмайды. Әйгілі флоренциялықтың шығармашылығында күні өткен феодалдық саясатты, бұзылған имандылық пен және рухани құндылықтарын,феодалық қоғамнын құқықтық жүйесін сынау сарыны, сондай – ақ шындыққа қол жеткізуде сол заманның көп қабатты шекарасын ашуға ынталы ұмтылысы мен саясат пен заңнама саласының ортақ заңдылықтарын ашып көрсету болуыда мүмкін. Егер қандайда бір мақсатты ол сөзсіз ақтайтын құрал едп есептеген болса, онда бұл- көптеген бытыраңқы князьдықтарды біріктірген тұтас Италия мемлекетін құру болар еді.

Макиавиллидің шығармаларын да кейде ол өзі ниет еткен ізгілікті жүзеге асыра алмағанына өкінішіде сезіледі,оған іс әрекет жасаған ортасы да ниеттенеқоймаған еді.мысалы ,кез келген адал адам,-деп атар көрсетті Макиавелли ,-ең болмағанда басқаларды ізгілікке үйрету керек,бұл ізгілікті уақыт пен тағдырдың құбылмалылығына қарай өзі жасай алмайды, онда оны түсіне алатын адамдардан әйтеуір біреуі табылып,жарылқаушының мейрімімен мүмкідік тауып естіген ізгілігін орындай алады.

Мемлекетік билік және билеушінің қасиеттер туралы Макиавиллидің ілімі

Имандылық пен саясаттың ара қатынасы –ойшылдың шығармаларында талқыланған проблемалардың бірі.”Патша”ғақлиясында саясатпен имандылықтың бірдейлігі жөнәнде айтылады. Осы тұрғыдан неғұрлым сипатты ойды Макиавелли “Патшаның”,“Князьдар өзінің уәделеріне адалдығын қалайша сақтауға тиіс”деп аталатын XVIIIтарауында айтқан болатын Олар қалайша сөздерінде тұрулары керек. Осы сұраққа жауап қайтара отырып,ол былай деп жауап көрсетті :патшаның сөзі біріктігі, адалдығы ғанибет қасиет:алайда біздің заманнымыздың тәжірбиесі деп жазады Макиавелли –мынаны көрсетті :ұлы істерді уәделеріне сенімі аз деп есептелген адамдарды қулығымен алдарқатқан, сөйтіп сайып келгенде парасатты деп ойлаған адамдардан асып түскен Князьдар жасады. Макиавелли патшаларды өздерінің берген сөзінде тұруында әстеде шарттары мен уәделері емес,күшпен қажеттіліктері мәжбүр етеді деп таныды. Барлық жағдайда бір ғана ізгілікті іске бейіл болатын адам соншадықты кесірлі адамдардың арасында қайткенде мерт болар еді –деп атап көрсетті ол.

Макиавелли дұшпандармен күресудің екі тәсіліне:заңмен әне күш қолдану арқылы күресуге кеңес береді. Бірінші тәсілді ол табиғатынан заңды басшылыққа алуға икемді адамға тән деп есептейді.Бірақ патша бұл ерекше адам Ерекше дхармадан өмір заңына бастау алатын көне үнді аңыз-ертегісіндегідей,мемлекет басшылары өздерінің қарапайым бодандарынан өзгеше болады, Макиавелли қоғамның тұрмысын ұйымдастыратын және ол үшін жауапты болатын мемлекет басшыларының ерекше құқықтарын мәртебесін таниды.

Макиавеллидің ойынша, патша аңға тән болатын екінші тәсілді- заңдарды шығару жеткіліксіз болған кезде күш қолданумен мәжбүрлеу шараларын пайдалана алады. Осыдан келіп, ұлы флоренциялық билеуші өзінің бойына табиғат пен адамның сондай-ақ аңның қасиетерін дарыта алуға тиіс деп кеңес береді. Макиавиллидің ойынша көне замандағы жазушылардың патшаға нұсқау бере отырып, өзіне адам мен аңның қасиеттерін ұштастырған Кентавр Хирон туралы аңызға жүгінулері де тегін емес. Аңдардың қасиеттеріне келе отырып түлкімен арыстанның қылықтары мен қабілеттерін меңгеруге кеңс береді. Сөйтіп деп жазады ол- егер князь хайуанның тәсілдерін үйренуге мәжбір болса,онда ол олардың ішінен түлкімен арыстанды тандап алуға тиіс, өйткені арыстан жыланнан түлкі қасқырдан қорғана алмайды. Демек жыланнан көз жазып қалмас үшін түлкі қасқырларды еңсеру үшін арыстан болуға тиіс. Тек арыстандарды ғана медеу ететіндер мәселенің парқын ұғына бермейді.

Сондықтан парасаты билеуші,егер мұндай сақтау қасиеті өзіне қарсы жұмсалатын болса,егер де уәде беруге оны итермелеген себептер болмаса, өзінің уәдесіне адалдығын сақтай алмайды. Егер де адамдардың барлығыда жақсы болса, онда мұндай нұсқау жақсы болмас еді, сонымен бірге олар жаман болып саналғандықтан және саған қатысты өздерінің уәделерінің сақтамайтын болса онда сен де оларға қатысты өзінің уәделерінді сақтамауға тиістісің.Сөйтіп Князьдың өзінің уәдесін сақтамауын бүркемелеу үшін зандық себептерінде кешілік болмайды.

Көтерілісшілердің иделогы көтеріліске жаңа адамдарды көптеп тартуды және атап айтқанда осының өз жазалаудан бойын аулақ салуға және атап айтқанда осының өз жазалаудан бойын аулақ салуға және мейлінше еркін әрі бақытты өмір кешуіне мүмкіндік береді деп ойлап отырып,оны одан әрі дамытуды ұсынады:Өйткені кінәлылар тым көп болған кезде,олар жазалаусыз қалады ұсақ қылмыстар қатал жазаға кесіледі , ірі және маңызды қылмыстар марапатталады ол сонымен бірге былай деп көрсетеді:өкінуден де ұяттанда , қорықпау керек ,өйткені олар қандай әдіспен болса да жеңіске жете тұрсада,жеңімпаздарды ешқашанда соттамайды.

Мол байлыққа немесе үлкен билікке ие болғандардың барлығы ,-дейді көтерісшілер идеологтарының сөзін айта келіп одан әрі автор,-осының бәріне күш қолданумен және құйтырқы қулықпен қол жеткізеді,бірақ кейін алдап –арбаумен немесе күш қолданумен басып алғандарының бәрін оның жексұрындық шығу тегін асыру үшін көл жықпастықпен тағдырдың жазмышы деп атай бастайды.Ақылдығынани немесе ақымақтығынан болсада ,сол адамның мұндай әдіске баруға батылы жетпейді, күн санап құлдықпен қайыршылыққа белшесіне батады.Өйткені адал құлдар иманда құлдар болып қала береді де ,ал ізгі жүректі адамдар қалайда кедей болып қала береді. Құлдықтан алданғандар мен батылдар ғана ,ал қайыршылықтан тек ұрылар мен алдамшылар ғана бостандық алады.Құдаймен табиғат барлық адамдарға бақытқа қол жеткізуге мүмкіндік берген,бірақ бұл бақыт көбінесе шебер еңбекқордан гөрі,тонаушының үлесіне тиеді және көбінесе оған адал кәсіпшіліктен гөрі,арамза кәсіпшілікпен қол жететіні де болады. Сондықтанда адамдар бір-біріне сұқтана қарап, ал әлсіздің күні қараң болады.Қарама-қарсы тараптардың көшбасшылары аузына шын мәнінде Макиавеллидің өзі айтатын ойларын салғаныда күмән туғыза қоймайды.

Макиавеллидің ойынша,патша үшін иманда рақымшылдар қасиеттіне ие болу өте-мөте пайдалы болады.Билеуші, Макиавеллидің ойынша,рақымшылдар қасиеттеріне ие болуға ұмтылуға тиіс, алайда оларды ұстану әстеде міндетті емес.Адамдардың көз алдына ,егер бұлар оның мүдделеріне зиян келтірмесе, ол қайрымды,адамгершіл,діндар,ізгі болуға тиіс .Алайда мұқтаж болған жағдайда осындай қасиеттерінің болмауы, бұл қасиеттері қарма қарсы қасиеттеріне өзгерте алуы үшін өзін-өзі соншалықты билей алуыда жөн,-деп жазды Макиавелли.Князь мейлінше қулығын асырушы болуға тиіс.

Екінші бір тұста Макиавелли князь туралы былай жазады :менің жоғарыда атап көрсеткенімдей, желдің ығымен тағдырдың жазмышымен көрсетілетін бағытты қабылдау үшін,егер бұл мүмкін болса, ізгіліктің жолынан таймау керек,егерде бұл қажет болса сонымен бірге қаскөйлік жолына да түсе де білу керек .Мемлекет басшысы, Макиавеллидің ойынша , қызметі қарапайым адами өлшемдерге сәйкес келмейтін адам, ал саясат-тек имандылық нормалары ғана әрекет ететін сала емес. Макиавелли қарым-қатынас жасаумен ұйымдастырудың әр түрлі деңгейлеріндегі-әлеуметтік ортақ және әлеуметтік жеке деңгейдегі әлеуметтік және саяси рөлдердің обьективтік принциптерінің , міндеттері мен мақсаттарының айырмашылығында байқап көреді.

Макиавелли < <патша болудың >>бірнеше әдістерін бөліп көрсетеді: тағдырдың қайырымы мен жеке ерлігінің көмегімен, сондай – ақ қылмыстық жолмен және осы адамға өз азаматтарының мархабат етумен патша болады.Макиавелли билікке келуінде алдамшылық, кісі өлтіру, басқа да қылмыстардың қоса жүруі арқылы келген жағдайларын қарастыра отырып былай деп атап көрсетеді : өз азаматтарын азаптап, ұрып-соққан, достарына қатысты сатқындық, опасыздық , қатігездік , дінді менсінбеген адамды ерлікке лайықты адам деп атауға болмайды.Мұндай әрекеттер < <даңқты емес ,билікті қолына алу үшін пайдалы болатыны >> ұшырасуы мүмкін. Бұл оның ой-парасын саясатпен имандылық арасындағы толық алшақтықтың мүмкін еместігі туралы пайымдау ретінде және ұзақ мерзімді саясатты қамтамасыз етуге ниетінің жоқтығы ретінде түсіндіруге болады деп ойлаймын.

Макиавелли проблеманың екінші жағынада – қатігез билеуші мен зорлық-зомбылыққа қарсы күреске ден қояды.Ол мынаған назар аударады: қатігез билеушіге қарсы күрес кезінде кейде оның бодандарымен – зорлық-зомбылық режиміне еш кінәсі жоқ қарапайым халыққа қарсы күресуге тура келеді, бірақ ол қатігез билеушіге қарсы соғыз қимылдарының құрбанына айналып, тірі қалқан ретінде қатысады.Имандылықпен саясаттың осы ара қатынасының бұл мәнісін, ойшыл, бәлкім , өзге мемлекетті басқаратын қатігез билеушіге қарсы күреске түскен өз мемлекетінің мүдделерін негізге ала отырып шешу қажет деп есептегенде болар.

Нақты саясаттың қатал да құйтырқы заңдары жөнінде өзінің кеңестерімен айқындаулары арқылы Макиавелли біршама дәрежеде орта ғасырлық және қайта өрлеу дәуірлері патшалардың мүләімділігінің , кемелділігі мен тазалығының бет пердесін сыпырып , олардың жария саясаты сахнасындағы атқарған қиын , қарама-қайшылықты,қауіпті кей тұста қатігез рөлін көрсете білді.

Билеушінің рөлі өзгермелі жағдайда көрінетін әр алуан , онша-мұнша мейлінше жақсы болмаса да , тамаша қасиеттерді талап етеді. Өз иеліктерін ұлғайтуға ұмтылатын осындай билікке үміткерлердің немесе билеп – төстеушілердің жеңіске жетуге құмарлығын жеңу үшін күреске дайындығы мен ерік – жігері қажет болады.Саясат саласы имандылық мінез — құлықтың қалыпты бағытынан ауытқитын әр алуан деңгейдегі ерекше мінез-құлыққа итермелей отырып , адами имандылықты өзгертеді.Макиавелли патшаларға жарамсақтанудан , оларды дәріптеуден және айыптаудан бойын аулақ салды, миссияларының көлеңкелі жақтарына (имандылық тұрғысынан) обьективті түрде сөзсіз болатын құбылыс ретінде қарады.

Саясаткер,Макиавеллидің ойынша шыншыл әрі прагматик болуға тиіс,ол мақсаттары мен нақты мүмкіндіктері ескере отырып , мән жайларды негізге алып іс-қимыл жасағаны жөн.Макиавеллидің бұл көзқарасына Ф.Ницше ерекше сүйіспеншілік танытты.Менің тынығуымның , менің құмарлығым мен иманда Фукидид болды- деп жазды Ницше.-Фукидид және әлбетте маған , «парасаттан» одан да гөрі азырақ «моральдан» емес ештеңемен де өзінің басын қатырмайтын және шындықтан парасаттылықты көре білетін Макиавеллидің principe (патшасы)өзінің сөзсіз ерік – жігерімен менің өзіме бәріненде етене жақын.

Макиавеллизм және оның негізгі формасы

Саясат саласы туралы Макиавеллидің ой-пікірлерінде бірқатар жәйттарды айырып айткан жөн: байқаушы және зерттеуші ретінде оның саясат теориясы мен практикасын зерделеуінен және білімінен шығаратын қорытындыларын, саяси кайраткердің кеңесшісі ретіндегі, тәжірибелі саясаткер ретіндегі оның ұсынымдарын, оның жеке басының сүйкімділігін, максат-мұраттарын, саясат саласындағы кайсыбір заңдылықтар мен фактілерге көзкарасын бөліп айтуға болады. Макиавеллиден кейін тарихта «макиавеллшшлдік» термині орныкты, оның мәні мақсат құралды анықтайды деген үғымды танитын саясатты білдіреді. Алайда бүл макиавеллиішлдікті және Макиавеллидің өзінің сенімін, әсте де, теңестіруге бола қоймас. Саясат пен заңнаманың кайсыбір мәселелерін айта отырып, объективті байқаушы ретінде, саясат тарихьш сипаттай отырып, ол бірде былай деген еді: оның саясат саласындағы қорытындылары — бұл оның субъективті ниеті мен мұраттары емес, керісінше объективтік шындықтың белгілерін айқындау. Ол өзінің мұраттары мен нақты саяси тәжірибені теңестіруді атап көрсетпейді. Макиавелли былай деп ойлайды: оның саясатты ұғынуы — дәл де объективті, саяси тәжірибеге барабар ұғыну. Ол мемлекет қайраткерлеріне кеңес берген кезде, оларға саясат заңдарымен жүруді ұсынды. Сонымен бірге басқаларға өзін-өзі сақтау мен билікті ұстап тұру заңдарына бағынатын күмәншіл да сезікті билеушілердің заңға қарсы кадамдар жасауын да ескертті.

Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі танда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жүмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н.Макиавеллидің атымен айтамыз.

Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп, бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатьша келер болсақ, «мүмкіндігінше ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлымдықтан қашпау қажет» деген пікір айтқан болатын. Бірақ саясатты толығынан моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. Н.Макиавелли: «Тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады», — деген пікір айтады. Оған себеп — қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын «ащы шындықтың ақиқаты». Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қалыптасқанда, ол «қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек».

Халық мемлекеттік билікке, бір жағынан, қорқынышпен, екінші жағынан, сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау — сенімдірек. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан, абай болуы керек. Бірақ шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы, бір жағынан, арыстанға, екінші жағынан, түлкіге ұқсас болуы қажет.

Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ қалай дегенде де, жеңіс әрқашанда саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған жететін құралдар әртұрлі болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық жасалса, ол қоғамдағы жағдайды дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге ғана жұмсалып, токталуы керек. Екінші рет зомбылықты қолданудан алшақ болу керек, — деген пікір айтады ұлы ойшыл.

Қорытынды

Макиавелли саясатының негізгі қағидаларын сипаттай келіп, төрт басты жәйтті бөліп көрсетуге болады:

Макиавелли коғам туралы бұрын болып көрмеген түсінікті негізге алады; ол үшін әлеуметтік-қоғамдық өмір — бұл уакытқа қарай өзгеріп отыратын мүдде шамасы бойынша (жекеше — жеке-дара немесе топтық) бағдарланатын бостандықтағы еркін индивидтердің өзара іс-әрекеттерінің болашақтағы кеңістігі. Бұл жағдайдағы жаңалық мынада болып табылады: әңгіме енді тілдің, ақыл-ойдың, қауіпсіздік пен игіліктің (орта ғасырдың көнелігінен ауысқан түсініктердің) бірлігімен байланысты дәстүрлі, табиғи ортактығы туралы болмайды, жеке мүдденің уақытка қарай тұракты өзгеретін ұғымын бастапқы, «табиғи» ортақ игіліктің дәстүрлі түсінігі ауыстырады.

Саясат бұл жағдайда билік қызметтерін қолында ұстаушылардың уакыт жағынан өзгеруінен оза отырып қадағалау мен осы өзгерістерді шешімдер қабылдаған кезде ескеру кабілетіне негізделген өнердің ерекше түрі ретінде көрінеді.

Саясат катынастар мен іс-әрекеттер саласы ретінде ұғынылады, ол үшін мүдделердің күрделі өзара (көбінесе ымырасыз-дұшпандык) әрекет сипатты болады; ал негізгі көздейтін мүддесі — билікті алу, сақтау, оның ресурстарын молайту, билік мақсаттарына қол жеткізудің басты қүралы — күш колдану.

Қалған баска мүдделері (демек, сондай-ақ әрекеттер жасау, одақтар мен қатынастар) — осы басты мақсаттан шығатын міндеттер. Макиавеллидің ойынша, саясат билікті иеленуші мінезқұлқының уақытка карай осы мүдделердің өзгерістеріне қызметтік тәуелсіздігінің саласы болып табылады»

М. А. Бакунин былай деп жазды: саясат атаулының сөзсіз қасиеті екіжүзділікті Макиавелли ойлап тапқан жоқ. Ол осы екіжүзділікті тек жасанды түрде емес, кайта оны бүтіндей табиғи мәселе қисынының өзіне тән жүйесінде көрсетіп, ретке салып жинақтады, бұл жүйе оның ілімінің мәніне айналды. Ол осынысымен табиғи тарихты ұсынды, өзінің көз алдына елестеткен коғамның физиологиялық сипаттамасын жасады және онын негізгі принциптерін жасап шығарды. Италияның өткендегі және бүгінгі тарихи койнауынан ол өзіне дейінгі және одан кейін басқа адамға қарағанда саясаттың мәңгі зандарын жақсы ала білді». Бакунин Макиавеллидің ілімінен жеке адамның бостандығын жоятын және адами имандылықты теріске шығаратын қылмысты мемлекеттік билікті бассыздықпен жоққа шығаруы негізділігін белгілі бір дәлелдеуінен көрді.

Н. Макиавелли саясатты құдайшылық түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саясатта қолданатын амал-әдістерің өз атымен атап, олардың астында тыйылған мақсаттар мен көздеген мүдделерін анық көрсеткені үшін маған оң әсерлер қалдырды. Биліктегі адамдардың мемлекетті билеу үшін қандай қасиеттерге ие болуын, қандай іс-әрекеттер орындау керектігін жүйелі турде қарастырды. Саясаттың моральдық және іскерлік жақтарын көрсетті. Саясатта адам құндылықтарын ұтымды пайдалану арқасында билікті ұстап, пайда табуды түсіндірген. Халықты басқару кезінде елдің мүддесімен белгілі бір дәрежеде санасып, оларды қатал билікте ұстаудың қулықтарын жазған. Саясатта адамгершілікті тез жоғалту керек, билік пен байлықты ұстап қалу үшін адамның теріс қасиеттерінің болуын қажет етеді және олар міндетті түрде болуы қажет. Үлкен мақсаттарға жету үшін жолдағы кездестірген барлық кедергілерді кез келген тәсілмен жеңу керек, ең бастысы өз мүдделерін сақтап қалу. Макиавелли берген кеңестердің барлығын қолданып үлкен шыңдар мен мәнсапқа жетуге болады, оның тәжрибесі күні бүгінге де практикалық қолданысын тауып жатыр. Саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуі, оның талаптарын аяққа басуды заңдылық ретіңде қарастырамын. Адам әрқашан өзімшіл болады және негізгі мақсаты: билік, байлық және мәртебе. Макиавеллидің көзқарастарын қаншалықты дұрыс және қолданыс үшін пайдалы деп қарастырсам да, тек қана өзімнің ар-ұжданымның талабына сәйкес іс-әрекет жасауға тырысамын, тек саясаткерлердің түпкі мақсаттары мен көрінбейтін ойларын анықтап, түсіну үшін пайдаланамын.

Пайдаланған әдебиеттер

1) Қапесов Н. Саясаттану.А.,Жеті жарғы .2003.

2) Рахметов.Қ.Ж, Болатов А.Н. Саясаттану. Астана , 2006

3) А.С. Кабылова, З.А. Абдуллина. Саясаттану. Барлық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар.-Алматы: АЭжБИ, 2008.-70б

4) Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. -644 б.

5) С.Ф. Ударцев. Николо Макиавелли. Патша(Il Principe) Алматы. Жеті жарғы.